
12.12.2016
Асемгуль Жумаева (Темир):
Мына ақсақал 12 жыл төсек тартып жатырған ел ағасы
Ұзақ жылдар ел басында қызмет еткен. Кеңесту совхозының директоры қызметін сонау жекешелендіру кезеңінің қиын уақытында атқарған. Ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап кіші буын келгенде қуанышын жасыра алмады. 4 ұл, 6 қыз тəрбиелеп өсірген. Бүгінде немере, шөбере сүйіп отыр. Жұбайы өз сөзінде:"сіздер тəуелсіздіктің алынбаған кезіндегі өмірді көп біле бермейсіңдер. Су, жарық, жылудың тапшылығын көрмедіңдер. Қазір ауыл керемет. Қаладан кем емеспіз. Үйге су, газ келіп тұр.ауыл іші таза, көше жарық. Бұның барлығы сол тəуелсіздіктің арқасы. Егемендігі жолындағы еңбегін елеп келіп жатқандарыңа, таудай көңілдеріңе ризамын",- деп ризашылығын білдірді.