Жылу пешіне абай болыңыз!
Жылдың алғашқы тоғыз айында Ақтөбеде 207 өрт тіркелді. Салдарынан 8 адам қаза тауып, 5 адамды күйік шалған. Материалдық шығын шаш етектен. Тілсіз жаудан келген залал 113 млн. 285 мың теңгені құрады. Өрттің дені- тұрғын үй секторында болып отыр, себебі тұрғындардың немқұрайлығынан, дейді өрт сөндірушілер. Оның ішінде электр жабдықтары мен тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелерін бұзу, отты абайсыз пайдалану, пештің ақаулығы, тұрмыстық газ аспаптарын пайдалану, газбаллондарды дұрыс пайдаланбау, балалардың отпен ойнауы көп. Биыл қыс қатты болады, деп болжап отыр синоптиктер. Осы орайда төтеншеліктер дабыл қағуда. Қауіпсіздік ережелерін тағы бір пысықтап алуға шақырады. Адам өліміне әкеліп соқтырған барлық өрттің түнгі және таңертеңгі мезгілдерде, яғни қырағылық азайып, тұрғындардың үйде қалың ұйқыда болатын уақытында болған. Тұрғындар өрт қауіпсіздігі ережелерін дұрыс сақтамайды, электр қондырғыларының ережелерін өрескел бұзып, ақауы бар, жарамсыз электр жабдықтарын пайдаланады, дейді мамандар. Айта кетейік, жер үйлерде тұрып жатқан жағдайы төмен отбасыларға төтенше жағдайлар департаменті арнайы датчиктерді тегін орнатады.Количество показов: 180
Дата создания: 16.10.2024 07:31:20