Жылдамдық және жауапсыздық
Қалада 16-тамыздан бастап 66 бақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Екі айдың ішінде 58 мыңнан астам жол жүру ережесін бұзу фактісі анықталды. Дені-жылдамықты асыру.Жол жүру ережесін 1,5 айдың ішінде 100 рет бұзған ақтөбелік ұсталды. Қымбат шетел көлігін мінген азаматты полицейлер бақылау камераларының арқасында анықтап отыр. Лексус маркалі көлік Армян есебінде тұр. Қазақстанға қайтадан тіркеуге қойылмаған. Көлікті ұшырып айдайтын жүргізушінің қарызы 35 млн теңгеге жетті. Көлігі айыппұл тұрағында тұр. Жылдамдықты асыру. Жауапсыздық. Жантүршігерлік жол апаттарының басты себептері осылар. Бұған жолдың сапасыздығын қосыңыз. Жоғары жылдамдықпен жүруді жаман әдетке айналдырған жауапсыз жүргізушілердің кесірінен өңірімізде күн сайын жол-көлік апаты болып жатады. Екі күннің бірінде күре жол үстіндегі қайғылы оқиғадан талай жанның тағдыры үзіліп, талайы ауыр жарақатынан айығып кете алмай, өмір бойына мүгедек болып қалып жатыр. Осы орайда тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін ережені бұзбауға шақырады. Әсіресе жолаушы тасымалымен айналысатын көлік иелерінің жауапкершілігі жоғары болуы тиіс.
Количество показов: 200
Дата создания: 16.10.2024 07:33:44