Жыл басынан бері есірткіге қатысты 157 қылмыс тіркелді
Құқық қорғаушылар да есірткі бизнесінің түрленіп, интернет дүкен алаңдары арқылы да сату жолдарының пайда болғанын мойындады. Облыстық Полиция департаментінің Нашақорлыққа қарсы күрес басқармасы мәліметінше, әсіресе синтетикалық есірткіні саудалау оқиғалары тым жиілей түскен. Ал орамдағы синтетикалық есірткіні қаланың әр түкпіріне тасымалдап тығып тастайтындар да шамадан тыс көбейген. Басқарманың мәліметінше, жыл басынан бері есірткіге қатысты 157 қылмыс тіркелді. Былтыр 126 болыпты. Оғай олжаға кенелеміз деушілердің дені жастар. Өкінішке қарай, есірткі бизнесінің сату және таралу оқиғалары азаймай тұр. Полиция басқармасымен синтетикалық есірткі заттарының таралуын және интернет ресурстардың қолданылуының алдын алу мақсатында мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен волонтерлік қозғалыстар және жастар ұымдарымен бірлесіп есірткіге қарсы профилактикалық шаралар жүзеге асырып келеді. Ақтөбеде есірткі шегіп алып рөлге отыратындар қатары көбейген. Полицейлер 74 көлік жүргізушісінің есірткі тұтынып, рөлге отырғанын дәлелдеді. "Нашақор" диагнозымен облыстық психикалық денсаулық орталығында 1681 адам есепте тұр. Бұл ресми мәлімет. Ауруын тасалап жүрген нашақорлар да болуы мүмкін,дейді полицейлер. Олардың қатарында жасы 15 пен 17 нің аралығындағы бір жасөспірім бар. 300 ге жуық нашақордың жасы 18 бен 29 дың аралығында. Бұл қорқынышты статистиканы азайтудың бірден-бір жолы жасөспірімдерге бақылауды күшейту, ата-аналардың отбасындағы рөлін арттыру,-дейді полицейлер.Количество показов: 347
Дата создания: 09.08.2024 08:37:10