Жыл басталғалы облыста өндірісте 6 оқыс оқиға орын алды
Жыл басталғалы облыста өндірісте 6 оқыс оқиға орын алды. "Altynex Company" АҚ - да болған апаттан 1 жұмысшы қаза тапты. Ал, былтыр облыс бойынша 76 жазатайым оқиға тіркелді. 14 адам ажал құшты. 103 жұмысшы зардап шекті. Өндірістегі жазатайым оқиғалар мұнай - газ, тау - кен, құрылыс саласында болып тұрады. Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Талғат Искариннің сөзінше, техникалардың жарақсыздығы, жұмысшылардың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарау арты қайғылы жағдайлармен аяқталып жатады.Былтыр облыста 7 жол-көлік оқиғасынан 40 жұмысшы зардап шекті. 3 адам қайтыс болды. Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын адамдарды тасу кезінде көліктер апатқа ұшыраған. Бұл апаттар топтық жазатайым оқиғалар болып саналады. "Жол картасын" жүзеге асыру аясында қазіргі кезде қала және облыс кәсіпорындарындағы қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұндай бақылау шаралары "Қазхром" Ақтөбе ферроқорытпа зауытында", "Дөң" тау - кен байыту комбинатында, "СНПС - Ақтөбемұнайгаз" АҚ - да жүргізілді.Количество показов: 1056
Дата создания: 31.01.2023 12:18:41