Жолдың сапасы тексеріледі
Бізде жолдар құрылысының сапасын тексеретін техникалық бақылау мекемесі бар. Бірақ, республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға салынатын жолдар ғана техникалық бақылаудан өтеді. Жол зертханасы да, республикалық бюджет ақшасының рәсуа болмауын қадағалайды. Ал аудан, ауыл арасы, қала іші жолдарының құрылысына бүгінге дейін мән берілмегені рас. Оған біздің қаладағы жолдардың қазіргі сиқы куә. Келесі жылдан бастап елде жалпы жол құрылысына айрықша мән берілмек. Ол үшін әр олыста сапа орталығы құрылғалы жатыр. Біздегі орталық қазір әділет департаментінде тіркеуден өтіп жатыр. Облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 7 шақырымға жуық. Оның 1900 шақырымға жуығы ғана республикалық деңгейде. Облыс автожолдарының тең жартысының жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Алға, Қандыағаш, Шұбар, Байғанин, Шалқарды қаламен байланыстыратын жол жоқ деп айтуға болады. Бірақ, Ақтөбе-Атырау тас жолының құрылысы аяқталғанда бұл проблема біраз жеңілдеуі керек. Ал Орскке қарай 45 шақырым жол 1,5 миллиард теңгеге жөнделіп жатыр. Жұмыстар биыл аяқталады.
Количество показов: 1558
Дата создания: 17.04.2019 19:04:30