Жергілікті тұрақтандыру қорларындағы көкөніс бағасы қолжетімді ме?
Тұтынушы әрқашан жақсы қызмет көрсету мен сапалы тауар алуға құқылы. Алайда, кей саудагерлер айласын асырып отыр. Мерзімі өткен, шіріген көкөніс сатушылар көп. Бұған әлеуметтік желідегі тұтынушылардың қаптаған шағымы дәлел. Мереке қарсаңында "Ақтөбе" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жергілікті көкөніс қоймасына пресс тур ұйымдастырды. "Қыстың қамын жаз ойла" демекші, қыс азығын жаз бойы дайындаймыз. Десе де бүгінде азық-түлік пен көкөніс бағасына тұсау болмай тұр. Әсіресе, жаңа жыл қарсаңында "жығылғанға жұдырық" дегендей, жеміс-жидек пен көкөніс бағасы шарықтап кетеді. Ал тұрақтандыру қоры тұрақты баға кепілі болуы тиіс. Мәселен, әлеуметтік павильондарда картоп бағасы 116 теңгеден, ал сәбіз 110 теңге, дейді билік өкілі. Егер өнім бұзылған болса оларды сауда нүктелері қабылдамауы тиіс. Мұны бақылауда ұстап отырмыз, дейді маман."Ақтөбе-көкөніс" акционерлік қоғамының иелігіндегі көкөніс қоймасының сыйымдылығы 2 мың тонна өнім сақтауға лайықталған. Қазір мұнда 4 800 тонна картоп, 400 тонна пияз, 480 тонна сәбіз және 380 тонна қырыққабат бар. Бұдан бөлек әлеуметтік маңызы бар күріш, қарақұмық, шекер, күнбағыс майы сияқты өнімдер де сақтаулы. Әлеуметтік дүкендерге жеткізілетін өнімдердің бағасы халықтың қалтасына қолайлы әрі сапалы болуы тиіс.
Количество показов: 146
Дата создания: 14.12.2024 10:58:50