Жергілікті құрылыс компаниясы 100 миллион теңге шығынға батты
«ESAT Company» серіктестігі банкротқа ұшырауы мүмкін. Осыдан екі жыл бұрын кәсіпорын «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен тұрғын үй құрылысына қатысқан. Бірақ құрылысқа тапсырыс беруші қалалық құрылыс бөлімі мердігермен есеп айырыспай отыр. "ESAT Company" келісімшарт бойынша барлық міндеттемелерді орындаса да ақшасын ала алмай жүр. Құрылыс компаниясы облыстық кәсіпкерлер палатасынан көмек сұраған. Таңшолпан Зайнуллина тарқатады. Құрылыс компаниясының директоры Тұрлан Шүкіров 100 миллион теңге ақшасын қалалық әкімдіктен ала алмай қаламын ба деп тыпыршып жүр. Өйткені қалалық құрылыс бөлімі оның мекемесін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тануды сұрап, сотқа арызданған. Алайда бұл талап-арыз сотпен қанағаттандырылмаған. Енді міндеттемелерді тиісінше орындамады деп, құрылыс бөлімі «ESAT Company» ЖШС-мен арадағы келісімшартты біржақты бұзуды көздеп отыр. Бизнесмен мен қалалық әкімдік арасындағы мәселе бүгін облыстық кәсіпкерлер палатасындағы кеңесте талқыланды.
«ESAT Company» облыстағы ірі құрылыс компанияларының бірі. Алайда соңғы 3 жылда қалада екі бірдей ғимаратты тұрғызамын деп шығынға батқан. Кәсіпорын жұмысшылары "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша көп қатарлы үй салған және "Анаға тағзым" ғимаратын тіктеген. Құрылыстарға тапсырыс беруші қалалық құрылыс бөлімі, яғни қала әкімдігі. "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша компания қолға алған 3 қатарлы үй құрылысының 95 пайызы бітіп тұр. 1,5 айлық жұмысы қалған. Ал келісімшарт бойынша нысан пайдалануға 2018-ші жылдың желтоқсан айында берілуі тиіс еді, дейді кәсіпкер Тұрлан Шүкіров. Құрылыс жұмыстары толық аяқталмай жатып, 69 пәтер түгел сатылып кеткен. Тұрлан Шүкіровтің компаниясы үшін 100 миллион теңге үлкен ақша. Бизнесмен еңбекақысының берілуін сұрап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа екі мәрте хат жазған. Соңғысын жуырда жолдаған.
Количество показов: 921
Дата создания: 10.12.2020 18:15:50
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>