Жергілікті көкөністер сатылымға шығып жатыр
Қазір орталық базарда саяжайлардан әкелінген жеміс - жидектер мен көкөністердің түр - түрі бар. Мәселен, құлпынайдың бір контейнері 1500 теңге тұрады. Ал, қарақаттың 1 келісі 1300 теңгені құрайды. Бештамақ ауылынан жеткізілген. Ал, көкөністерге тоқталсақ, қызанақтың бір келісі 500 теңгеден саудаланып жатыр.Орталық базарда саяжайлардан жеткізілетін өнімдердің түр - түрі бар. Жемістерге тоқталсақ, алманың келісі 500 теңгені құрайды. Ал, шиенің келісі 2000 теңгеден тұр. Тұрғындар қыстың қамын жазда ойлап, тосап жасау үшін шие, алма, өрік, құлпынайды сатып алып жатыр. Қала тұрғындары жеміс - жидектер мен көкөністердің бағасы арзандамай тұрғанын айтады. Керісінше, жылдан жылға өсім байқалатынын жеткізді.
Количество показов: 409
Дата создания: 25.06.2024 04:44:49