Жемқорлыққа жол жоқ!
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған салтанатқа келушілер алдымен сурерт көрмесін тамашалады. "Пара деген не?", "Лауазымды тұлға -пара алушы емес", "Жемқорлыққа жол жоқ!"- деген тақырыптармен салынған суреттер арқылы жастар қоғамда белең алған жағымсыз әрекеттерге өз қарсылықтарын білдірді. Көрмеге мектеп оқушысы да, жоғарғы оқу орындарының студенттері де өз шығармаларын ұсынып отыр.Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс шарада облыс әкімі Асхат Шахаров та жемқорлық сияқты зиянды әдеттің қоғамды айналып өтпей жатқанын айтты. Әсіресе билік жүйесінде жиі ұшырасады. Сондықтан , оның алдын алу жолдары көпшілікке насихатталуда. Жаппай қоғам сауатты болып, әр адам өз құқын қорғауға қабілетті болған кезде жемқорлық толықтай жойылады, дейді Асхат Шахаров. Облыс аумағында жыл басынан бері жемқорлыққа қатыста 60 тан астам жағдай тіркелген екен. Жалпы қоғамда қылмысқа әкелетін тетіктерді түбегейлі жоюдың маңыздылығы байқалады. Бұл бағытта атқарылған жұмыстар да аз емес. Шенеуніктер шығармашылық құралдар мен бейнероликтер арқылы адалдықа шақырылды. Бүгінгі салтанатты шара кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі үшін белсенді өкілдер мен жемқорлық тақырыбына арналған суреттер мен эсселер байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Количество показов: 444
Дата создания: 07.12.2023 19:43:51