Жатыр мойны обырының алдын алыңыз!
Жас талғамайтын дертке айналған жатыр мойыны обыры облыста былтыр 100-ден астам әйелден анықталды. Әлем бойынша 2-орында тұрған кеселмен елімізде жыл сайын 1800-ден көп нәзік жанды ауырады. Дәрігерлер осылай деп дабыл қағуда. Осыған орай, сенбі күні Жаңақоныс ауылындағы медициналық орталықта ашық есік күні ұйымдастырылмақ. Таңғы сағат 9-дан түскі 13.00-ге дейін онколог-гинеколог дәрігерлер тексеріс жүргізеді. Кіру тегін. БҚМУ медициналық орталығында ашық есік күні жылына бірнеше рет өткізіледі. Дәріәгерлердің сөзінше, қоғамда денсаулығын күтетін де, немқұрайлы қарайтын да әйелдер бар. Сондықтан, обырды ерте анықтау үшін салғырттық танытпай, жылына екі рет тексертіп тұру қажет. Сондай-ақ, ашық есік күні адам папиллома вирусына қарсы вакцина туралы да ақпарат беріледі. Елде 11 жастағы қыздарды вакцинациялау күзде басталды. Америкада шығарылатын "Гардасил" дәрісі 4 валентті. 6 ай аралығында салынады.Количество показов: 254
Дата создания: 22.01.2025 07:51:48