Олег Кошевой көшесіндегі №105- жатақхана тұрғындары төбеден аққан судан зардап шегіп отыр. Жаңбыр жаумай-ақ жаурап отырған адамдар шаруашылыққа жауапты "Арайлым" пәтер иелері кооперативінен еш қайран жоқ, дейді. 44 жыл бұрын тұрғызылған бес қатарлы жатақхананың су құбырлары да әбден тозған. Жан-жақтан жылыстаған ылғалдан пәтерлерді сыз тартқан. Тұрғындар мұндай үйде ауру табамыз деп налиды. Іргесі осыдан 44 жыл бұрын қаланған жатақхана 5 қабатты. Үйде 90 отбасы тұрады. Ғимарат соңғы он жылда бір жөндеу көрмеген. Үйдің сиқынан адам шошиды. Ашық-шашық терезелер, дымқыл тартқан дәліздер үйдің қысқа мүлде дайындалмағанын көрсетіп тұрғандай. Байырғы тұрғын Александр Испулаевтың айтуынша, жуынатын бөлмеге келіп тұрған су мен жарық жүйелері әбден ескіріп біткен. "Тоқ соғып кетпесін деп жақындамаймыз. Жатақхананың сүрілетін уақыты келді. Апатты жағдайда тұр"- дейді тұрғындар.
Көппәтерлі үйдің шаруашылығын "Арайлым" ПИК жүргізіп отыр. Кооперативке ай сайын әр пәтер 280 теңгеден төлеуі тиіс. Бірақ тұрғындар қызмет ақысын жылдап төлемеген. Қарыздары 1 млн теңгеге жуықтаған. ПИК төрайымы Бибігүл Омарованың айтуынша, мұнда тұрып жатқандардың 80 пайызы пәтер жалдаушылар. Сондықтан ешбірі қажетті қаражатты жинап беруге ынталы емес. Әр қабаттағы құбырларды ауыстыруға қомақты ақша қажет. Бірақ оны тұрғындар түсінбейді. Осы мәселе бойынша бірнеше рет өкізілген жиналыс нәтижесін бермеген. Тұрғындар мәселе осылай жалғаса берсе "Арайлым" ПИК-і үстінен қалалық әкімдікке арызданбақ ниетте. Ол үшін үй белсенділері жатақханадағы бөлмелерін жалға беріп отырған адамдарды тауып, қол жинамақ.
Количество показов: 907
Дата создания: 24.09.2020 18:25:26
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>