"Жасыл елдіктер" жұмысы қызу жүріп жатыр
Қазір шаһар көшелерін тазарту жұмыстарына 325 жас жұмылдырылған. Олардың ішінде "Өтес Ақтөбе" тобының жастары 28 көшенің тазалығы мен көгалдандыру жұмыстарына жауапты. Жастар аптасына 5 күн 8 сағаттан еңбек етіп, сенбі, жексенбі күндері демалады. Сондай-ақ, жұмысқа арналған арнайы киім-кешектермен, күнделікті түскі аспен қамтылады. "Жасыл ел" еңбек жасақтарының сапында жастары 16-дан 29-ға дейінгі жастар жұмыс істеп жүр. Мектеп оқушылары, студенттер мен жұмыссыз жастардың айлық жалақысы биыл 100 мың теңгеге жеткен. "Жасыл ел" қозғалысы жастарды тек жұмыспен қамтып қана қоймай, қала тазалығына бағытталған түрлі экологиялық акциялар ұйымдастырады. Мәселен, "Таза қала, таза жағалау", "Ардагерлерімізді ардақтайық!", "Бұлақ көрсең көзін аш!", "Өз қалаңа ағаш сыйла" деп аталатын акциялар жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.
Количество показов: 941
Дата создания: 23.06.2022 00:02:20