Жас мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады
Мемлекеттік қызметкердің жұмыс уақытында дауыс көтеріп сөйлеуіне мүлде болмайды. Әрі алдына келген кез-келген адамды ілтипатпен қабылдауы тиіс. Бұл талаптар жұмысқа қабылданар сәтте маманға ескертілуі тиіс. Тіпті мемлекеттік қызметкерлерге арналған "Этика кодексінде" іскер адамның қандай болатыны бүге-шүгесіне дейін жазылған. Мәселен іскерлік киім киюі, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, сөйлеу мәдениеті назардан тыс қалмайды. ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің дерегі бойынша, жыл басынан бері осы этика талаптарын бұзған 7 маман істі болған. Қызметте дөрекілік көрсеткендер арасында департамент басшысы, бас маман, аудандық басқармалардың қызметкерлері бар. Салтанатты ант қабылдаған қызметкерлер арасында облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңесінің бас маманы Әйгерім Марат, облыстық статистика департаменті бағалау басқармасының жетекші маманы Айтбек Шәукілов, Қарғалы аудандық аумақтық иснпекциясының инспекторы Әлима Қуанышовалар бар. Барлық мемлекеттік қызметкерлер бірде-бір рет әдеп нормаларын бұзбаған, еңбек өтілдері 5 жылдан аспайды.
Количество показов: 1851
Дата создания: 29.08.2019 18:35:23