Жалғызбасты қарттар қаланы аралады
Көліктегі оннан астам зейнеткер бұл жерге ұйымдастырушылардан бұрын келіп алып, көлікке отырып үлгерген. Олар үйден шыға бермейтіндерін, мұндай кездесулер көңілдеріне демеу екендерін айтады.Қалада 700 ден астам жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қызметкерлер көмек көрсетеді. Олар әрқайсының үйіне барып, үлкендерге көмектеседі, азық-түлік сатып алып келіп береді. Қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қызметкерлер күні. Мұндай қызметкерлер жұмыс істейтін қаладағы әлеуметтік жәрдем орталығындағы мамандар жалғызбасты қарттарға, 1-ші және 2-ші топ мүгектеріне және мүмкіндігі шектеулі балаларға жеке оңалту бағдарламасында көрсетілген жағдайда көмек қолын ұсынады.
Количество показов: 226
Дата создания: 24.10.2024 07:02:50