Жаңа жылдан бастап елімізде түрлі жәрдемақының мөлшері өседі.
Жаңа жылдан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 60%-дан 65%-ға дейін ұлғайтылмақ. Бұл 28 215 теңгені құрайды, ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 100-ден 105%-ға дейін арттырылып, 45 578 теңгені құрайды». 2024 жылдан бастап жәрдемақылар да көтеріледі. Зейнетақы көлемі 57853 теңге болса, базалық көрсеткіште 43407 теңге болады. 2023 жылы ең төменгі жалақы 70000 теңгені құраса, 2024 жылдан бастап 85000 теңге болады.1 тортағы мүгедектерге 95496 тг, 2 топтағы мүгедектерге 76397 тг, ал 3 топтағы мүгедектерге 52089 тг және ҰОС ардагерлеріне59072 тг көлемінде жәрдемақы бөлінеді. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер 7%-ға ұлғайтылмақ. Аталған төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырады. 1 жастан 4 жасқа дейінгі отбасылар 131 100 тг көлемінде жәрдемақы алатын болса, 4 және одан көпбалалы отбасылар 232 596 тг көлемінде жәрдемақы алатын болады.Количество показов: 370
Дата создания: 29.12.2023 23:11:36