Жүректен шыққан әуендер
20 жастағы Дананың анасы Гүлсара қызы алғаш рет сахнаға шығатын болған соң қобалжып тұрғанын да жасырмады. Ал, Дананың өзі ана туралы әнді таңдапты. Концерке анасы мен қызы бірге дайындалған. Ұзақ дайындалдық, жанды дауыста айтатын болғандықтан, сөзін жаттауға біраз уақыт кетті.Дегенмен, Дананың бойынан өзіне деген нық сенімді байқап тұрмын. Сондықтан , жүректен шыққан ән жүректерге жетеді деп ойлаймын, деп бөліседі анасы.Бірінші рет ерекше балалар өз беттерінше сахнаға шығып, өнерлерін ортаға салып жатыр. Қазылар алқасы да алдын ала тағайындалыпты. Үздік орындаушыларға сый-сыяпат ұсынылады. Ұйымдастырушылар ерекше балалар арасында музыкаға ынтасы бар, вокалдық қабілеті жоғары балалар көп. Тіпті мұндай сахналық орындаудан кейін олар өнерге бет бұруы мүмкін. Біздің мақсатымыз талантты балардың тұсауын кесу,- дейді ұйымдастырушылар.Количество показов: 334
Дата создания: 12.04.2024 03:52:11