Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Облыста су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға жан - жақты көмек көрсетіліп жатыр. Облыс, қала тұрғындары ғана қол ұшын созып қоймай, алыс - жақын елді мекендерден де гуманитарлық көмек жеткізілуде. Атап кетсек, Ақтау, Түркістан, Астана, Алматы қалаларынан азық - түлік, киім - кешек, төсек орындары келді. Мәселен, Ақтау, Жаңаөзен, Тараз қалаларынан көмек су басқан Ойыл, Қобда аудандарына тікелей жеткізілді. Күні кеше Қырғызстан республикасынан 4 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек жеткізілді. Оның ішінде азық - түліктермен қатар, керуеттер, балалар киімдері, жылытқыштар бар.Қазір "Анаға тағзым" орталығында 230 тоннаға жуық азық - түлік бар. Жауапты мамандар өткен су тасқыны кезінде Ойыл, Қобда аудандарын толықтай гуманитарлық көмекпен қамтамасыз еткен. Айта кетейік, су басқан аймақтарға гуманитарлық көмек көрсету қиындық соқтырғандықтан, көмек тікұшақпен жеткізілген болатын. Енді гуманитарлық көмекпен қаладағы бау - бақша ұжымдарын толықтай қамту қалды.Количество показов: 481
Дата создания: 11.04.2024 05:46:41