Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қоғамдық көліктегі жолақы арзандайды
Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қоғамдық көліктегі жолақы арзандайды. Бүгін қала әкімі Асхат Шахаров жолаушы тасымалымен айналысушы компанияларға субсидия бөлінетінін жеткізді. Мемлекеттен қаржы бөлінетін болғандықтан, қызмет ұсынушыларға талап та қатаңдайды.Зейнеткерлер бұдан былай қоғамдық көлікке 60 теңге орнына 40 теңге төлеп мінеді. Бүгіннен бастап қалада осындай жеңілдікке ие тұрғындардың тізімі жасалады. Жалпы 7 санат бойынша жолақыға жеңілдіктер қарастырылған. Жолаушылар тасымалымен айналысатын компанияларға бюджеттен субсидия беру тоқтатылғандықтан мұндай жеңілдіктер осыдан 5 жыл бұрын алынып тасталған еді. Облыстық мәслихат шешімімен енді субсидия қайтадан беріле бастайды. Еске салайық, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен 1-топтағы мүгедектер үшін автобуспен қатынау тегін. Облыстық мәслихатта қоғамдық көліктерді жаңарту мәселесі талқыланған. "Жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында бұл мақсатқа қосымша қаражат бөлінетін болды. Бүгін мәслихат депутаттары зейнеткерлер мен өзге де жеңілдікке ие жолаушылар үшін бөлінетін қаражаттың мөлшерін бекітті. Бір жылға 1 миллиард 300 миллион теңге субсидия бөлінетін болды. Жалпы қала бойынша қоғамдық көлік қызметіне көңілі толмай, шағым айтатын тұрғындар өте көп. Егер қызмет ұсынушы компаниялар өз міндеттерін толық орындамаған жағдайда, субсидия автоматты түрде тоқтатылады, дейді қалабасы.
Субсидияға қол жеткізген серіктестіктер автобустарды жаңартып отыруға міндеттеледі. Осы айда зауыттан тағы да бірнеше су жаңа автобустар жеткізіледі. Сондықтан, қала басшысы субсидия үш жылға бекітілгенімен қаражат қызмет ұсынушы компаниялардың жұмысына байланысты бөлініп төленетінін жеткізді.
Количество показов: 612
Дата создания: 03.12.2021 18:41:50
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>