Әйтеке би ауданындағы ауылдың атауы өзгерді
Ономастика комиссиясының отырысы онлайн тәртіпте өтті. Осы отырыста Қобда ауданындағы Колинивка ауылдық округінің тарихи атауын қайтару мәселесі де қарастырылуы керек болған. Алайда жергілікті органдар үлгермепті. Облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов жауапты мамандарға тұрғындардан немесе өзге жандардан түскен ұсыныс, тілектер уақытылы қаралып, комиссия отырысына жолдануы керектігін ескертті. Комиссия отырысы кезінде жаңа жобалардың тұсаукесері өтті. "Ономастика тынысы" журналы мен "Ақтөбе облысы аумағында кездесетін топонимдер мен антропонимдер сөздігі" оқырмандарға жол тартты. Алғашқысы өңірдегі ономастика саласындағы жұмыстар, өзгертілген атаулар туралы ақпарат береді.
"Ономастика тынысы" журналы үш айда бір рет жарық көреді. Таралымы 100 дана. Ал, "Ақтөбе облысы аумағында кездесетін топонимдер мен антропонимдер сөздігі" 150 данамен жарық көрген.
Количество показов: 1774
Дата создания: 04.07.2019 03:32:59