Үй тирандары жұмысқа орналастырылмақ
Полицейлер «Тұрмыстық зорлық-зомбылық әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларда көбірек тіркеледі» деген пікірде. Арнайы жүргізілген тәжірибе қолдың қысқалығы отбасының шырқын бұзатын көрінеді. Жұмысы жоқ, уақыты көп ер адамдар әйеліне жұдырық алып жүгіргіш келеді екен. 40 және 48 жастағы екі ер адамға жолдама берілді. Олардың енді отбасылық жанжалға уақыттары болмауы тиіс. Таңнан қара кешке дейін нәпақа табумен айналысады. Қалалық "Мансап" орталығы дәнекерлеуші мамандығы бойынша жұмыс ұсынып отыр. Әйеліне қол көтеріп, отбасының берекесін қашырып жүрген тағы бір ер адам ішімдікке салынған. Оны инспекторлар емделуге жібермек.Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және криминогендік жағдайды төмендету. Өңір полицейлері 12-қаңтарда республика аумағында бастау алған «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеп жатыр. Есепте тұрған 500 ден астам ақтөбелік тәртіп сақшыларының жіті бақылауында.
Количество показов: 475
Дата создания: 20.01.2024 00:31:53