Вакцина алмаған студенттер оқу орны жатақханасына орналаса алмайды
ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысына сәйкес, вакцина алмаған студенттерге жатақханаға орналасуға тыйым салынады. Алайда бұл шектеу 18 жасқа толмаған, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар студенттерге қатысты емес. Айта кету керек жатақханадағы санитарлық талаптарға сай 1 бөлмеге екі студент қана орналаса алады.Жатақхана бөлмелері әлеуметтік осал отбасынан шыққан жастарға, 1- курс және шетел студенттеріне беріледі. Аталған білім ордасында 1- курс студенттерін есептемегенде 10 500 білім алушы бар. Қазір оның 75 пайызы екпемен қамтылған.
Университетте барлығы 400-дің үстінде шетелдік білім алушы бар. Шетелдік студенттер Қазақстан аумағына оқуға тұрғылықты елдің уәкілетті органы растаған "КОВИД-19"-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсы болған жағдайда ғана жіберіледі. Университетке келушілер "Ашық" қосымшасы арқылы кіріп, олардың дене қызуы күн сайын өлшенетін болады.Университетте 1- курс студенттерін қабылдау жалғасып жатыр. Қазіргі таңда 3600 студент тіркелген. Сондай-ақ жаңа оқу жылы басталған кезде вакцинаның толық компонентін алып үлгермеген студенттер екпені оқу орнындағы медициналық ұйымдардан да ала алады.
Количество показов: 747
Дата создания: 26.08.2021 19:40:35