Темір өзеніне екі зейнеткер батып кетті
Темір өзеніне екі зейнеткер батып кетті. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 23 қараша күні Темір ауданының тұрғыны Темір өзенінен адамның мәйітін тауып алғанын айтып, құқық қорғаушыларға хабарлады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен құтқарушылар барған. Құтқарушылар Кеңқияқ кентінің 65 жастағы тұрғынының мәйітін судан шығарды. Туыстары марқұмның көршісімен бірге мал іздеуге кеткенін айтқан. Тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын өзен түбінен сүңгуірлер 63 жастағы көршісінің мәйітін де тауып, шығарды, деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Количество показов: 713
Дата создания: 24.11.2021 17:42:16



















