Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану маңызды мәселе.
Ақтөбе жасыл қалаға айналуы тиіс. Ал өңіріміздің экологиясын жақсарту-баршаға ортақ іс. Облыста тұрғындар саны мен қоса кәсіпорындар да артып келеді. Ірі индустриялық аймаққа жатамыз. Әйтсе де, облыста тал-теректердің аздығы қынжылтады. Табиғи ресурстар басқармасындағылар тал отырғызу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр дейді. Мәселен, былтыр 7300 ден астам гектар жерге жасыл желек егілді. Ақтөбе қаласы, Әйтеке би, Шалқар, Мәртөк, Темір, Ойыл, Қобда аудандарындағы орман шаруашылығы мекемелерінде 500 ге жуық адам жұмыс істейді. Орманды күтіп ұстау, материалдық техникалық базасын нығайтуға көп көңіл бөлінуде. Ақбөкеннің популяциясын реттеу әлі де күн тәртібінде. Облыста 3900 бас Үстірт популяциясы бар. Бетбақдала популяциясы да қадағалауда.Количество показов: 815
Дата создания: 05.01.2024 22:51:19