Тұрғындар Темір жол аураханасының жабылуына қарсы.
Тұрғындардан темір жол аураханасы жабылайын деп жатыр деген сыбысты естігелі маза қашқан. Өйткені бұл медициналық мекемеге қарайтындардың дені Мәскеу ауданының тұрғыны. Ауыра қалса, жаяу жетуге де ыңғайлы. Мәскеуліктер медициналық көмек алу үшін өзге аудандарға қатынап,әуе-сарсаңға түскілері келмейді. Бұл аурухана мен емхана осы күнге дейін 12 мыңнан астам халыққа қызмет етіп келген. Аурухананың 120 адамға арналған керует орны бар. Тұрғындар аурухананың жабылуына түбегейлі қарсы. Өзге аудандарға барғысы жоқ. Біріншіден алыс, екіншіден мамандар тапшы, деп отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтар уәжі бар. Тұрғындар далада қалмайды. Біреуі Болашақ ауданындағы емханаға, енді бірі 12 мөлтектегі емханаға тіркеледі.Количество показов: 438
Дата создания: 29.12.2023 23:15:35