Тұрғындар темір қоршауға қарсы
Ыбырай Алтынсарин № 15 ші үйдің тұрғындары наразы. Көп қабатты үй бұрынғы "Қазақстан" кинотеатрының қасында орналасқан. Бірақ, неге екені белгісіз, ол аумақ өзгелерден оқшауландырылған. Тұрғын үйлер түгелдей ұзындығы атшаптырым болатын қоршаудың арғы бетінде қалған.Алтынсарин көшесінің бойында тұрған бұл үйге енді көлікпен кіру мұң. Әйтеке би көшесі арқылы ғана аулаға көлік кіреді. Жеке кәсіпкердің кесірінен әуе-сарсаңға түстік деген пікірде тұрғындар. Жедел жәрдем немесе өрт сөндіру көлігі де қоршаудан өте алмайтыны анық. Тұрғындардың айтуынша, қоршауды ашып, көлікке жол ашу үшін бизнемен тұрғындардан ай сайын 100. 000 теңге төлеуді талап етіпті. Ал кәсіпкер болса "Өз жерім-өзім білемін"- дегенге соғып отыр. Бәрі заңды әрі құжаттары да түгел.
Количество показов: 455
Дата создания: 17.08.2024 08:39:42