Тұрғындар әлеуметтік дүкендердегі картоптың сапасына наразы
Әлеуметтік маңызды өнім картопты шаһардың шеткі шағын аудандарындағы тұрғындар таппай отыр. Қаланың Заречный, 41-разъезд аудандарында арзан, жергілікті картоп жоқ. Ірі супермаркет желілерінде керісінше, өзге өңірден жеткізілген көкөніс толып тұр. Келісі 350 теңгеден басталады. Картоптың жыры бітер емес. Бұл жолы оның бағасына емес, сапасына қатысты шағым көбейді. Тұрғындардың айтуынша, дүкендер мен ірі сауда орындарына шіріген өнім шығарылған.Осыған орай, бүгін Пушкин саябағындағы "Анвар" супермаркетіне бардық. Мұнда үш түрлі картоп сатылым жатыр. Жергілікті өнімнің келісі - 116 теңгеден. Алайда, сапасы көңіл көншітпейді. Бағасы қалтаға ұратындықтан тұрғындар арзан картоп алуды көздейтіні анық. Бірақ, дұрысын табу қиын, деп налиды. Ұзақ таңдауға тура келеді. Ал, Қарағанды, Павлодар, Қостанай өнімдерінің құны 300 теңгеден жоғары. Сапасы - орташа. "Анвар" супермаркеттер желісінің басшылығы мәселені түсіндірді. Кәсіпкердің айтуынша, қаланың шағын аудандарындағы "Анвар" бөлімдеріне жергілікті картоп уақытылы жеткізіліп жүр. Бірақ көлемі аз болғандықтан, тез өтіп кетуде. Ал, "Ақтөбе" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өкілдері сөредегі картоптың сапасы жақсы әрі тапшылық жоқ, деп отыр. Қазір тұрақтандыру қорында 30 тонна картоп сақтаулы. Ал, қорға келісім бойынша тауар өндірушілерде әлі 1100 тонна көкөніс бар. Мамандардың сөзінше, сәуірдің соңы, яғни маусымаралық кезеңнің соңына дейін картоп жетеді. "Пригородный", "Болат ЛТД" серіктестіктері мен "Арман" шаруа қожалығының өнімдері халыққа жеткізілуде. Тұрақтандыру қорының көкөністері 18 "Табыс" әлеуметтік дүкенінде, "Анвар", "Дина" супермаркет желілерінде сатылады.Количество показов: 230
Дата создания: 07.02.2025 06:45:00