Тұрғындар айналаға тарап кеткен нәжіс суына тұншығуда
Есет батыр көшесіндегі №118-ші үйдің тұрғындары аулаларына жиналған нәжіс суынан жапа шегіп жатыр. Көрші орналасқан көп қатарлы элиталы үйдің кәріз құдығы өткенде толассыз жауған жаңбырдан соң тасыған. Сол маңдағы адамдар енді сасық иіске тұншығып жатырмыз, деп шағынды. Бұл үйдің өз кәріз жүйесі де ескірген. Құбырлар мен құдықтар істен шыққандықтан айнала сасып жатыр. Қолқаны қабатын жағымсыз иіс үй маңына адам жолатар емес. Пәтерлерінде қамалған тұрғындар кімнен медет сұрарын білмейді. Аулаға шығып ойнағысы келетін балалар нәжіс суын кешеді. Ауладағы шалшықты бастапқыда тұрғындар бірнеше күн қатарынан жауған жаңбыр суы деп ойлаған. Онымен көрші жаңадан салынған үйдің кәріз құдығы тасығанға ұқсайды. Екі аптадан бері тұрғындар пәтер иелері кооперативінен бастап әкімдіктегі бірнеше бөлім басшыларының есігін қағып, көмек сұрапты. Бірақ, еш жерде оларға нақты көмек береміз деп уәде берген ешкім табылмаған.
Жаңадан бой көтерген көп қатарлы тұрғын үйдің кәріз желісі әлі тапсырылмаған. Еш жерде баланста жоқ болғаннан кейін мәселе шешілмей тұр. "Самал-2" тұрғын үй кооперативінің төрағасы Алпыс Бозтурин ауланы өз күшімізбен тазартамыз деп отыр.
Количество показов: 1199
Дата создания: 01.06.2022 19:09:54
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>