Тұрғындар қалашығы ауданында біраз жылдан бері қараусыз жатқан шағын саябақ қалыпқа келтірілді
Бұл тынығу орны тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына қарсы келбеті әспеттеліп, тұрғындарға қайта тарту етіліп отыр. Шағын аллея бейбітшілік даңғылы мен Есет батыр көшесі қиылысында орналасқан. Тұрғындар қалашығы ауданының сәнін келтіріп тұр. Саябақ сонау 1957 жылы салынған. Әр жылдар жөндеу көргенімен, биыл күделі жаңғыртудан өтті. Құрылысты "Интерстилл" ЖШС-гі жүргізді. Саябақты аралап көрген өңір басшысы Оңдасын Оразалин тындырылған жұмысқа ризашылығын білдірді. Жұртшылықпен пікірлесті.
Іші орындыққа толған саябақтың келбетіне тұрғындар да дән риза. Оның үстіне жарық шамдары орнатылған. Балалар ойын алаңдары да бар. Тұрғындармен ұзақ уақыт сырласқан облыс әкімі қалада шағын гүлзарлар көбейетінін жеткізді. Себебі күн сайын тұрғындар саны артып келе жатқан шаһарда "Батыс-2", "Нұр-Ақтөбе" аудандарында салынған саябақтар аздық етеді.
Количество показов: 707
Дата создания: 08.10.2021 18:32:49