Тұрғындар қаланы абаттандыру жұмысында белсенді емес
Әбілқайыр хан даңғылы бойы тазарып қалған. Өткен сенбіде басты даңғылда орналасқан алаң, гүлзар, саябақтар қыстан қалған қоқыстан, ағаш жапырақтарынан тазартылған. Үй аулаларындағы қоқыс жәшіктері де бос. Айта кетейік, қазір облыс көлемінде екі айлық тазалық акциясы жүріп жатыр. Мамыр айының аяғына дейін "Таза бейсенбі", сенбіліктер өтіп тұрады. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов бұл дәстүрлі акцияға бүтін тұрғын жұмыла қатысуы керек деп ескерткен болатын. Ал екі айлық тазалық акциясын аймақ басшысының өзі бастап берді. Өткен аптада қаламызда екі айлық санитарлық тазалық жұмыстары басталды. Қала әкімі Мұрат Жөребековтің қатысуымен өткен сенбілік жұмыстарына мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар мен қоғам белсенділері жұмылдырылды. Бірақ, "Астана" ауданы әкімінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Мирас Әжібаевтың сөзінше, қала тұрғындары өз үйлерінің маңын тазартуға атсалыспаған. Алдағы 2 ай көлемінде өтетін сенбіліктерге қала тұрғындарының белсенді қатысуын сұрайды.Тұрғындар қала аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қоқыс уақытылы шығарылып жатқанын жеткізді. Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан тұрғын үйлерден қоқыс аптасына 2 рет шығарылып жатқандарын айтты.Қазіргі кезде қоқыс қаламыздан уақытылы шығарылып жатыр. Техникалар жеткілікті. Тек өткен аптада мердігер мекемелерде техникалар бұзылып, қиыншылықтар орын алған. Қазір жағдай тұрақталды.Количество показов: 931
Дата создания: 05.04.2023 18:56:41