Тұрғындарға кесірін тигізіп отырған кәсіпкер
Есет батыр көшесіндегі №103 - ші үйдің тұрғындары өз наразылықтарын білдірді. Айтуларынша, үйлерінде кешеден бері ыстық су да, салқын су да жоқ. Оған себеп жертөледен ақау шыққан. Ал, белгілі болғандай жертөлеге "Гаухар" дүкені жауапты. Себебі, дүкен иесі 2009 жылы жертөлені өз қарамағына алып, ондағы құбырларды, дәлізді, жертөлені жандандыратынын айтқан. 3 жыл сайын кәсібіне айналдырған жердің күтіміне мән беріп, тұрғындарға келеңсіздік тудырмайтынын айтып, келісімшарт та жасаған. Алайда, бұл құрғақ уәде болып шықты. Қазір жөндеу жұмыстары түгілі жертөледегі құбырлар арқылы жіберілетін су да ақпайды. Кешеден бері халық сусыз отыр. Судың бір мезетте ақпай қалуына "Aqtobe su - energy" АҚ - ның ешқандай қатысы жоқ. Бізден ақау жоқ, барлығы штаттық режимде жұмыс жасап тұр,-дейді коммуналдық мекеме өкілдері. Ал, "Гаухар" дүкенінің өкілдері су беру жүйесі кешке дейін қалыпқа келтіреміз,-деп отыр. Ал тұрғындар болса 5 қабатты тұрғын үйдің жертөлесін алып, кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерді жауапкершілікке шақыруда. Осыдан 5 жыл бұрын айтылған уәде қағаз жүзінде де сақтаулы. Әр пәтерді аралап жүріп, тұрғындардың келісін алған кәсіпкер үйдің күтімін өз мойныма аламын,-деп уәде еткен. Алайда, берген уәдесін ұмытып кеткен сыңайлы. Аула мен үйді абаттандырмақ түгел, дүкеннің кесірінен тұрғындар қыста жылусыз, жазда сусыз қалып отыр.Количество показов: 286
Дата создания: 12.07.2024 04:08:27