Түнде жортқан жеткіншек
Бала көзден таса қалмасын! Ақтөбелік полицейлер осылай деп дабыл қағуда. Жайдарлы жаз – ойынға тоймайтын балалардың сүйікті мезгілі. Олар көп уақытын сыртта, көшеде, ойын алаңдарында, саябақта, ашық аспан астында, табиғат аясында, су қоймаларында өткізетіні сөзсіз. Әрине, тапжылмастан төрт қабырғаға таңылып, гаджетке шұқшиып отырғаннан денесі қимылдап ойнағаны өте дұрыс. Бірақ ойын баласының еңбектеп, жүгіріп, ойнап, аунап, секіріп, шомылып жүріп те жарақат алып қалатын жағдайлары аз емес. Ал кәмелетке толмағандар түнгі уақытта көшеде жүруге бейім. Түрлі қылмысқа түрткі болатын да осы мезгіл. Былайынша айтқанда, жыныстық қолсұғушылық, бұзақылық, төбелес пен буллинг те қараңғы түскенде болады. Әйтсе де, балаларына "Қой",-деп айтуға жоқ ата-ана көп. "Түнгі қаладағы балалар" жедел профилактикалық шарасы барысында түнде көшеде немесе ойын-сауық орындарында жүрген жасөспірімдер анықталып жатыр. "Түнгі қаладағы балалар" іс-шарасы 15-17 шілде аралығында ел бойынша өтіп жатыр. Мақсаты жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылыққа жол бермеу, көшеде қаңғып жүретін жасөспірімдерге тосқауыл болу. Инспекторлар түсіндіру жұмыстарынан да жалығар емес. Көше мен саябақтарда орналасқан лед экрандар арқылы ескерту роликтерін де таратып жатыр. Әйтсе де, жасөспірімдер мәселесін қоғам болып шешкен жөн. Әр ата-ана өз перзентін бос жібермей, жауаптылықпен қараса құқықбұзушылық азаяр ма еді,-деген пікірде. Жаз басталса инспекторларға дамыл жоқ. Тәулік бойы жұмыс істейміз,-дейді тәртіп сақшылары. жазғы демалыс лагерьлері де қамтылған. Балалардың демалысы қауіпсіз өтуі тиіс. Бұған лагерь қызметкерлері тікелей жауапты. Айта кетейік, әлемде әр алты сағат сайын бір бала жоғалады екен. Халықаралық құқық қорғау ұйымдарының мәліметіне сүйенсек, жыл сайын Еуропа елдерінде 70 мың бала, АҚШ-та 1,5 млн бала, Ресейде 15 мыңға жуық бала із-түзсіз кетеді. Қазақстан аталмыш елдерден халық саны жағынан әлдеқайда төмен сатыда тұрса да, балалар мен жасөспірімдердің жоғалу көрсеткіші бойынша кем түспей тұр. Елімізде жыл сайын 1,5 мыңға жуық бала жоғалады екен. Олардың жартысы сәті түсіп табылып жатса, қалғандары жөнінде мүлдем хабар-ошар болмайды. Ең сорақысы, табылған балғындардың тең жартысын ата-анасы жансыз күйінде құшақтайтыны.Количество показов: 295
Дата создания: 17.07.2024 07:25:46