Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы нәтиже беруде.
Бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың бас міндеті-жемқорлыққа әкелетін себептер мен жағдайларды жою болып табылады. Бұған қарсы басты құрал-әлеуметтік зерттеулер, азаматтардың арыз-шағымдарын, құқықтық статистика мен қылмыстарды зерделеу нәтижесінде әзірленген "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасы" бойынша жұмыс жасау. Ағымдағы жылдың 9 ай шамасында жолаушы тасымалы, экология, білім беру, жүргізуші куәлігін беру салаларында мониторинг өткізілді.Департамент бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселесіне айрықша назар аударады. Ағымдағы жылы жүргізілген мониторинг нәтижесінде 1 млрд теңге көлемінде мемлекетке қайтарылған болатын.Жалпы облыс бойынша соңғы 9 айда 66 қылмыстық іс тіркеліп, 43-і сотқа жолданған. 32 іс парақорлыққа қатысты. 941 млн теңгені құрайтын залал анықталып, оның 348 млн теңгесі мемлекетке қайтарылды. Қалған бөлігі өтелу үстінде.
Количество показов: 489
Дата создания: 07.10.2023 01:17:51