Соңғы бір аптада өңірде әлеуметтік маңызы бар азық - түлік бағасы 20 % - ға шарықтады
Бір апта ішінде облыста әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының бағасы өсті. Оның ішінде пәстерленген сүт - 7,5 % - ға өссе, бірінші сұрыпты бидай ұны - 0,5 % ға қымбаттаған. Соңғы бір апта ішінде өңірде әлеуметтік маңызы бар азық - түлік бағасы 20 % - ға шарықтады. Оның ішінде картоптың келісі 174 теңге, жуа - 210 теңге, күріш, қарақұмық - 680 теңге болса, сұйық майдың литрі 900 теңгеге дейін өскен.Үнемшілдері қанша теңге болса да жеткізуге тырысып жүр. Дегенмен қазір құнарлы , дәмді ас таңсық болып бара жатқаны жасырын емес. Өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда әлеуметтік маңызы бар азық - түлік бағасы 25,7% - ға, азық-түлік емес тауарлар 20,2% - ға қымбаттады деп хабарлайды Tengrinews. Азық - түлік арасында көкөністің бағасы шарықтап тұр. Мәселен желтоқсан айында қияр - 35,6 пайызға, қызанақ - 14,6 пайызға, тәтті бұрыш - 8,4 пайызға, пияз - 7,9 пайызға, қызылша - 3,8 пайызға қымбаттаған.Количество показов: 820
Дата создания: 02.02.2023 14:43:42