Скутермен жүретіндерге талап күшейді
Статистикаға сүйенсек, жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 6 жол көлік оөиғасы болды. Салдарынан оқиға орнында 6 бала әртүрлі дене жарақатын алған. Олардың біреуі кәмелетке толмаған. Мопедпен жүру қауіпті болса да, жастар осы көлік құралын басқарып, кептелісте жүйткіп өтуге құмар. Осыған орай облыстық ПД ертеңнен бастап рейдтік шараларды бастайды.Ал, скутерге келсек, жыл басынан бері жол көлік оқиғасы тіркелмеген. Дегенмен арқаны кеңге салуға болмайды,-дейді тәртіп сақшылары. Электро самокаттарға жаяу жүргінші жолдарымен және велосипед жолағымен жүруге болады.
Айта кетейік, жыл басынан бері 300 - ден астам мопед жүргізушілері жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сондықтан, мопед жүргізушілеріне мынадай тыйымдар бар. Мопед жүргізушісіне бір қолмен рульді басқаруға болмайды, түймеленген дулығасыз мопедті жүргізуге де рұқсат жоқ, бір мопедтен екінші мопедті сүйреуге тыйым салынады. Басқа көлік құралдарының жүргізушілеріне кедергі жасамауы тиіс.
Количество показов: 521
Дата создания: 24.05.2024 05:06:38