Ішкі туризмді дамытушылар мемлекет қолдауына ие
Ішкі туризмді дамыту үшін кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа үлгісі қолданыла бастады. Нарықта ішкі туризмге сұраныс артып отыр. Бүгін облыстық кәсіпкерлік басқармасы өткізген баспасөз мәслихатында осы саладағы жағымды жаңалықтар айтылды. Өткен жылы ішкі туризмге деген тұрғындардың қызығушылығы арта бастағаны белгілі болды. Байғанин ауданы мен Қарғалы аудандарынан басқа Ойыл ауданы да қала тұрғындары барып қайтатын оңтайлы демалыс орнына айнала бастаған. Ауданда кәсіпкерлерді қолдау бағытында бөлінген грантқа қол жеткізген шаруа қожалығы демалыс орталығын ашып үлгеріпті. Ойылдың әсем табиғатында демалуға ағылып келетін туристер легі қысы- жазы толастамаған.Жергілікті туристер ауылдық жерлердегі киіз үйлер тігілген демалыс орындарын жиі таңдайды екен. Ішкі туризм бағасы да қолжетімді. Бір адамға жақын аудандарды аралауға 10 мың теңге жеткілікті. Шалғай аудандарда қызмет құны 20 мың теңге көлемінде. Ішкі туризм саласында қызмет көрсетуші операторлар әзірге үшеу ғана. Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов әкімдік тарапынан осы салада қызмет көрсететін кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа жүйесі іске қосылғанын айтады. Мәселен, былтыр бірнеше демалыс орындарына тегін газ тартылып, коммуникация желілеріне қосылуға мүмкіндік жасалған.
Количество показов: 737
Дата создания: 27.03.2023 13:00:28