Шаһар басшысы "РИКА ТВ" ұжымын келе жатқан мерекемен құттықтады.
Алдымен қала басшысы "Рика-тв" арнасының материалдық-техникалық базасымен танысты. Жаңалықтар қызметінің ақпараттық-студиялық блогы, таңғы бағдарлама мен түсіру повильонының жұмысын саралады. Телеарна басшысы Наталья Бандровская ақпараттық саясатты қалыптастыру ісіндегі телеарнаның үлесі мен журналистер арасындағы сабақтастықты ерекше атап өтті.Қала әкімі телередакция ұжымына шығармашылық табыс тілеп, мемлекеттік саясатты ақпараттандыру, өңірдегі өркенді істерді тұрғындарға жеткізу ісінде табандылық танытып жүрген БАҚ өкілдеріне шынайы алғысын жеткізді.32 жыл арасында телекомпанияда қазақ және орыс тілдерінде көңілді, танымдық және ақпараттық бағдарламалар дайындалып, көрермен көзайымына айналды. Арнамыздың өз аудиториясы бар. Ақпараттар қызметі тәулігіне 4 рет эфирге шығып ақтөбеліктерді қаламыздың соңғы жаңалықтарымен таныстырып жүр.Количество показов: 430
Дата создания: 28.12.2023 22:52:16