Сазды өзенінің "Нұр Ғасыр" мешіті жанындағы бөлігінде темір қоршау қалдықтары шашылып жатыр. Қазір сулы-жасыл гүлзар бойын тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. Арнаның табанын тазарту мақсатында суды азайтқан уақытта түбіндегі қоқыстар осылай жалаңаштанып қалса керек. Арнаның екі қапталындағы темір қоршауларды жаңасына ауыстырғандар ескілерін су түбіне қалдырған болуы мүмкін. Өйткені қалдықтардың су астында біраз уақыт жатып қалғаны байқалады, деп тұрғындар әлеуметтік желіде тараған бейнероликті талқылап жатыр. Ал қалалық жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету орталығы өкілдерінің мәліметінше, бұл қоршауларды 3 апта бұрын қатты дауыл суға құлатқан. Әділбек Таңқиев бұл ешқандай мердігер компанияның тастаған қоқыс қалдығы емес деп отыр. Биыл Сазды өзенін тазартуға жауапты "Ибраһим" жеке компаниясы. Кәсіпорын директоры Жандос Кенжебаев өзен бетін тазалау жұмысы күнделікті жүргізілетінін айтады.
Жауаптылар да жел ұшырған темір қоршаулардың су ішінде жатқанын әлеуметтік желіден көрген. Жұмысшылар темір-терсекті жинауға кірісіп те кеткен.
Количество показов: 1006
Дата создания: 26.07.2021 18:55:44
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>