Сауатсыз жарнамадан көз сүрінеді
Қала көшелерінде жарнама шектен тыс көбейіп кеткен. Олардың арасында ешқандай арнайы мекемеден рұқсат алмай-ақ орнатылған заңсыз жарнамалар да жетіп артылады. Қаланың жаңадан тағайындалған Бас сәулетшісі енді тәртіпке бағынбаған кәсіпкерлер жазаланатын болады деп отыр. Жыл басынан бері заңсыз жарнама орнатқан 100 ден астам кәсіпкерге 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынған екен. Бірақ бұл жазадан әзірге нәтиже бола қоймапты. Бірнеше рет ескерту естіген кәсіп иелері де бар. Әсіресе аялдамлардың маңындағы жарнамадан аяқ алып жүру мүмкін емес. Жолаушылардың жүруіне кедергі жасайтындар да енді заң алдында жауап береді, дейді жауапты мамандар. Кейбір қызмет ұсынушылар мен сауда орындарының иелері алыстан қол бұлғап тұратын адамның бейнесін де жарнама ретінде пайдаланып отыр. Мұндай көлік тізгіндеген жүргізушіні алаңдататын жарнамаларға да жол жоқ. Ал, мемлекеттік тіл заңына бағынбағандар да айыппұл төлейді, дейді қаланың бас сәулетшісі.Количество показов: 269
Дата создания: 01.08.2024 14:56:53