Сүт зауыты ауданыда әлі күнге дейін өркениет атаулыға жете алмай жүрген көшелер бар.
Қаламыздағы ескі аудандардың бірі сүт зауыты ауданында жарық жоқ деп тұрғындар шағымданған болатын. Дәлірек айтсақ, Абай, Гоголь, Шевченко, Суворова көшелерінде кешке тас қараңғылық орнайды. Тұрғындар балаларымызды кешке көшеге шығаруға қорқамыз, мектептен міндетті түрде күтіп алып келеміз. Бала болғасын далада ойнағылары келеді, жіберейік десек, қараңғыдан бір жерге сүрініп кете ме, біреу ертіп алып кете ме деп те қорқамыз дейді тұрғындар. Кезінде жер телімдерін сатып алып, баспана салған тұрғындар инженерлік-коммуналдық желілердің неліктен әлі күнге тартылмағанын білмей дал. Ашынған жұрт жергілікті әкімдік табалдырығын сан мәрте тоздырыпты. Алайда жауаптылар құр уәдемен тұрғындардың аузын қу шөппен сүртіп жүрсе керек.Количество показов: 504
Дата создания: 28.09.2023 01:47:28