Облыстық Полиция департаментінде мерекелік шара өтті
23 маусым - Қазақстан полициясы күні. Бүгін облыстық Полиция департаментінде мерекелік шара өтті. Облыс әкімі Асхат Шахаров қоғам тыныштығын күзетіп жүрген бүгінгі күннің батырларын кәсіби мерекемен құттықтап, бірқатар полиция қызметкерін алғыс хаттармен, төсбелгілермен марапаттады. Қызметтік міндеттерін адал атқарып, жұмыста жоғары нәтижеге қол жеткізіп келе жатқан 30 - ға жуық полиция қызметкері марапатқа ие болды.Количество показов: 572
Дата создания: 22.06.2024 07:12:31