Облыстық перинаталдық орталыққа ретиналды камера орнатылды
"АЯЛА" қоры облыстық перинаталдық орталыққа 2021-22 жылдары офтальмологиялық лазер мен тікелей емес офтальмоскоп берген болатын. Бұл құрылғыда 1000 нан астам бала диагностикадан өтті. Ретиналды камерадағы ерте диагностика жаңа туған балаларды мүгедектіктен құтқаруда маңызды рөл атқарады. Ол тек ретинопатияны ғана емес, көру қабілеті бойынша басқа да патологияларды анықтауға және дер кезінде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Мұндай құрылғы облыстық перинаталдық орталықта бар.Бұрын қаламызда және облыстан келген шала туған сәбилердің ретинопатиясы анықталған кезде Астанаға немесе Алматы қалаларына жедел емдеу үшін жіберуге тура келсе, енді бұл құрылғы арқылы өз қаламыздың перинаталды орталығында ерте диагностикалауда да, оны жедел емдеуге де мүмкіндік туды.FORUS NEO ретиналды камерасымен реанимацияда жатқан жаңа туған нәрестені тексеріп, емдеуге болады. Камераны пайдалану оңай және бұл нәрестелерді емдеуде уақыт үнемдеп, жұмысты жеңілдетеді дейді,- ақ халаттылар. Қазірдің өзінде облысымызда 110 нәресте тексеріліп , 15 шала туған нәрестеде ретинопатия анықталып отыр. Айта кетейік, ретинопатия-бұл көру жүйкесінің атрофиясына және қайтымсыз соқырлыққа әкеп соғатын, қанмен қамтамасыз етудің бұзылуына және дистрофиялық процестердің пайда болуына әкелетін, қабынбайтын сипаттағы көз ауруы.Количество показов: 307
Дата создания: 23.05.2024 05:50:00