Облыстық көпсалалы балалар ауруханасында МРТ аппараты пайдалануға берілді
Жапондық аппарат дыбыссыз, ыңғайлы, нәрестеден 18 жасқа дейінгі балаларды тексеруге қауқарлы. Астанадағы Жүрек орталығынан арнайы оқып келген дәрігер-радиолог бар. Құрылғының тағы бір ерекшелігі жаңа туған шақалағымен анасы қатар жата алады.Заманауи құрылғы сәбидің бойындағы түрлі ақауды ерте анықтай алады,-дейді мамандар. Тіпті ағзадағы ұсақ ісіктерді де көруге қауқарлы. Қуанышты жаңалықпен бөліскен ақ халаттылар МРТ аппаратын сынақтан өткізіп көрсетті. Нақты диагноз қойып, балалардың емделіп шығуына септігін тигізері анық деген пікірде. Медицина саласы қарыштап дамуда. Мұндай заманауи құрылғылар Ақтөбеге ауадай қажет. Өйткені, баласының сырқатын білмей, ел аралап жүрген аналар көп. Облысымыздың бас дәрігерінің айтуынша, жылдың соңына дейін өңірімізге 75 медициналық құрылғы келуі тиіс.Количество показов: 370
Дата создания: 07.08.2024 05:59:27