Басқа емес, көгілдір отынға бай Ақтөбенің өзінде автогаз қымбаттады. Бір ай бұрынғы "63 теңге" деген бағаны қазір қаланы екі айналсаңыз да таппайсыз. Кемі литрі 72-75 теңгеге саудаланып жатыр. Ал бүгін кейбір жанар-жағар май құю бекеттерінде газ талонға ғана беріліп жатыр. Аяқасты қымбатшылық неден туды? Көгілдір отынға бай Ақтөбеде соңғы аптадан бері газ тапшы. Көлік жүргізушілері газ іздеп сергелдеңге түскен. Қазір қаладағы барлық газ құю бекеттерінде еркін саудада сұйық газ жоқ. Тек талонмен беріледі. Бүгінде санаулы бекетте сатылып жатқан автогаз бағасы шарықтап шыға келген. Бұл көлік жүргізушілер үшін жығылғанға жұдырық болды.Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментіндегілердің сөзінше, шағын автогаз құю бекеттері бағаны қымбаттатқан. Қазір тексеру жүріп жатыр. Егер газ компанияларының бағаны өсіру үшін қолдан
дефицит жасағаны анықталса, заң алдында жауап береді.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілі Самат Лепесов кеше брифингте көлік отынының тапшылығын тасымалдың тұралап қалуымен түсіндірді. Мәселені шешу үшін қалаға 25 цистерна газ жеткізілген. Сұйық отынды газ толтыру станцияларына жөнелту жұмыстары жүргізілуде. Жағдай апта соңына дейін шешіледі. Тапшылықтың орнын толтырғанымен, сұйық газ өткен аймен салыстырғанда 10-12 теңгеге өсіп отыр. Бүгінде литрі 72-75 теңге аралығында саудаланып жатыр. Жүргізушілер сұйық отын бағасының өсіп бара жатқанына қапалы. Жалпы Ақтөбенің автогазға деген сұранысы ай сайын 13 000 тоннадан асады. Бүгінде аймақта газбен жүретін 47 000 көлік бар.
Количество показов: 842
Дата создания: 12.10.2021 18:39:56
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>