Облыста пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда
Облыста жер телімдері мен шабындықтар пайдаланылмай жатыр. Мәселен, былтыр аумағы 535 мың гектар жер пайдаланылмай, мемлекетке қайтарылған. Олардың қатарында Әйтеке би, Байғанин, Шалқар, Ырғыз аудандарындағы жер телімдері бар. Биыл облыста 23 мың га жердің пайдаланылмағандығы бақылауға алынып, 41 субъектіге қатысты тексеріс жүргізілді. Облыста жекелеген аудандар бойынша жайылымдардың тапшылығы байқалады. Бүгінде аудандардағы жеке қожалықтарға шабындықтар мен мал жаятын 86 мың гектарға жуық жер қажет. Атап кетер болсақ, олар Алға ауданына 33,3 мың га, Мәртөк ауданына 19,2 мың га, Темір ауданына 12,3 мың га жер және облыс орталығында 21 мың га жер телімдері жетіспейді.Биыл облыс бойынша елді мекен жерлерін 195,6 мың гектарға ұлғайту жоспарда бар. Алға, Ырғыз, Қобда, Мұғалжар аудандарындағы жер телімдерін ұлғайту көзделуде. Ал, былтыр Әйтеке би ауданында пайдаланылмай жатқан 85 мың гектар, Байғанин ауданында 68 мың, Шалқар ауданында 72 мың және Ырғыз ауданында 59 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған. Биыл 2 ай көлемінде аумағы 28,1 мың гектарды құрайтын 47 нысанға қатысты тексеру жүргізілді. Оның ішінде 23,2 мың га жер бақылауға алынды. Жыл басынан бері мемлекетке 20,2 мың га ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды.Количество показов: 781
Дата создания: 28.03.2023 13:34:36