Облыста оқушылардың 90 пайызы қашықтан білім алады
Облыс орталығында 82 мектеп болса олардың барлығы жаңа оқу жылын онлайн режимде бастайды. Қазіргі таңда облыстық білім басқармасы "Қазақтелеком" АҚ-мен бірлесіп өңір тұрғындарын сапалы интернетпен қамту бойынша жұмыстар атқаруда. Сондай-ақ, оқушылар компьютерлермен де қамтылатын болады. Белгілі болғандай, өңірде 44 мың компьютерге қажеттілік бар болса, оның 20 мыңы еліміздің білім және ғылым министрлігінің тарапынан қамтылатын болады. Ләззат Оразбаева атап өткендей, егер елімізде эпидемиологиялық ахуал тұрақтанса, жаңа оқу жылының екінші тоқсанынан бастап бастауыш сыныптар үшін кезекші кластар ашылатын болады. Яғни ата-аналардың сұранысы бойынша, кейбір оқушылар мектеп парталарында білім алады. Атап өтейік, биыл облыста бірінші сыныпқа 19700-ге жуық бала барады. Ата-аналар егов порталы арқылы электронды түрде құжаттарын тапсыруда. Құжат қабылдау тамыздың 20-на дейін ұзартылды.
Количество показов: 801
Дата создания: 06.08.2020 18:16:03