Облыста экологиялық проблемаларды шешудің "Жол картасы" қалай жүзеге асып жатыр?
Бүгін облыстық экология департаментінің басшысы Нұржан Аққұл "Ақтөбе облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша жол картасының" жүзеге асырылуы барысы туралы есеп берді. Жол картасы 33 іс-шара және 6 бағытты қамтиды. Оның ішінде 6 іс-шара ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне, 3 шара кәсіпорындарға, ал басқаларын орындау облыс әкімдігіне міндеттелген. Бағдарламаның негізгі бағытының бірі атмосфераға зиянды шығарындыларды азайту мен абаттандыру. Облыстық экология департаменті басшылығының ақпараты бойынша, бағдарламаны іске асыруда ілгерілеушілік бар. Еске сала кетейік, өңіріміздің экологиясын жақсартуға арналған «Жол картасы» бағдарламасы өткен жылы қазан айында басталған болатын.
Сондай-ақ, «Қаланы тазарту құрылысы кешенінің сарқынды суларының тұнбасын кәдеге жарату» жобасының жұмыстары басталды. Жобаның жалпы құны 826 миллион теңгені құрайды. Онымен қоса, жер жұмыстары және энергиямен жабдықтау бойынша жұмыстар аяқталды.Өңірді көгалдандыру аясында ағымдағы жылы 13 395 ағаш отырғызылды. Экологтардың айтуынша, су ресурстарының сапасына бақылау жүргізілуде. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жөндеуді қажет ететін 40 бөгет және жойылуы тиіс 24 нысан анықталды. Ал, ағынды суларда зиянды заттардың көп болуына байланысты шілде айында 17 кәсіпорын жабылған.
Количество показов: 597
Дата создания: 13.10.2021 18:04:46
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>