Облыста 582 адам АИТВ мен тіркеулі
АИТВ инфекциясына шалдығатындар қатары азаяр емес. Бүгін облыстық ЖИТС орталығының мамандары ашық есік күнін өткізді. Азаматтар анонимді әрі жедел әдіспен тест тапсырып, нәтижесін 20 минуттың ішінде қолына алады. АИТВ-ға зертханалық тексеру халық үшін тегін негізде жүргізіледі. Тамырдан қан алу әдісімен АИТВ-ға тестілеуден тегін өту үшін жеке басын куәландыратын құжатпен тіркелген жері бойынша емханаға немесе ЖИТС орталығына жүгіну қажет. Жалпы облыс бойынша АИТВ-мен өмір сүретін барлығы 582 адам тіркеулі. Жыл басталғалы қаңтар айының өзінде 5 адам осы инфекцияны жұқтырып үлгерсе, былтыр 72 адам тіркелген. Оның 58-і ерлер болса, 14 әйел. Олардың дені аталмыш дертті қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы жұқтырған.Екеуі есірткі қолдану арқылы жұқтырыпты.Мамандар АИТВ инфекциясының жұғу жолдары шектеулі, дейді. Дәлірек айтсақ, бұл дертті жұқтырудың үш жолы бар. Алғашқысы қан арқылы болса, кеңінен етек жайғаны-жыныстық қатынас. Сондықтан, бейтаныс адамдармен байланысқа түспес бұрын мың рет оланып барып, қорғаныс жолдарын естен шығармаған абзал. Сондай-ақ, ЖИТС пен АИТВ анадан сәбиге жүктілік кезінде жұғу қаупі жоғары. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бұл дерт көбіне 20-39 жас аралығындағы әлеуметтік белсенді азаматтарды жығуда.Количество показов: 273
Дата создания: 06.02.2025 08:00:54