Оқушылар арасында "Туризм арулары-2023" байқауы өтті
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай бүгін № 40 - шы орта мектепте "Туризм арулары - 2023" атты спорттық туризм техникасы бойынша қалалық жарыс өтті. Ақтөбе қаласының білім бөлімі, қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен өткен спорттық жарысқа қаламыздың мектептерінен 12 команда бақтарын сынады. Аспалы өткелден ыждағаттықпен өтіп, буреллом, траверс, төмпешік жаттығуларын асқан шеберлікпен орындай білген арулар кубок, медальдармен марапатталды.Жарыс барысында қыздар аспалы өткелден өтіп, алғашқы көмек көрсету, спорттық жаттығуларды орындау шеберліктерін ортаға салып, туризм техникаларын ұтымды пайдалана білді.Адина Бижан қалалық жас туристер стансасы ұйымдастыратын туризм бағытындағы жарыстардың белсенді қатысушысы. Орталық ұйымдастырған өткен жарыста спорттық жарыстарды орындауда ерекше көзге түсіп, 1 - ші орын иеленген. Ол болашағын да туризм саласымен байланыстырғысы келеді."Туризм арулары - 2023" атты спорттық туризм техникасы бойынша қалалық жарысқа 60 - тан астам арулар қатысты. Олар қаламыздағы № 23 - ші, 24 - ші, 60 - шы, 65 - ші мектептің 5 - 10 сынып аралығындағы қыздар мен М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп - интернатының, сондай - ақ, "Сымбат" мектеп - интернатының оқушылары.Жеңіске жеткен команда қалалық білім бөлімі және қалалық жас туристер стансасы атынан марапатқа ие болды. Айта кетейік, қалалық жас туристер стансасы жыл сайын туризм бағытында түрлі жарыстар өткізіп келеді. Оның ішінде далалық оқу - жаттығу жиыны да бар. Қалалық жас туристер стансасы балалар бойында өлкетану, туризмге қызығушылықты, табиғатқа жанашырлықты қалыптастырып жүрген бірден - бір орталық болып саналады.Количество показов: 1131
Дата создания: 03.03.2023 12:18:00