Нөсер жауын ақтөбеліктерді әбігерге салды
Қатты жауын-шашын салдарынан Есет батыр тұрғын алабын су алып кетті. Жаяу да, көлік пен жүру мүмкін емес. Су тізеден келеді. Жаңадан салынған бірнеше үйдің шатыранан су кетіп, пәтерлерді басқан. Қалада су сорғылау жұмыстары түнімен жүргізілген. 100 ассенизатор жұмылдырылды. 10 мотопомпа орнатылған. 20 мың текше метр су сорылды,-дейді қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары. Ал ағайынды Жұбановтар көшесінде жаңбырдан асфальт опырылып түсті. Бұл жер әзір қоршаулы тұр. Шұңқырды коммуналдық мекеме бітеп қойған. Жер кепкен соң асфальт төсейміз,-деп отыр. Көлік жүргізушілерінен әзір бұл маңды айналып өткен жөн.Количество показов: 416
Дата создания: 11.08.2024 07:06:50